ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті» пәнін оқу барысында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, тіл пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, солардың өзара байланысын ашып көрсетуі қажет. Сондай-ақ, әр кезеңдегі әдебиет өкілдерінің қаламынан шыққан туындыларының тақырыптық- мазмұндық, көркемдік - эстетикалық қырларыман танысып, олардың халықтық рухани мұраларына назар аударады, сол арқылы осы уақытқа дейін алған білімдерін тереңдетеді. Осы пәнді оқыту барысында студенттерге тәуелсіздік жылдарындағы тұтас әдеби процесс, ондағы түрлі ағымдар мен бағыттар, түсініктер мен пайымдаулар төңірегінде талдаулар ұсынылады, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарындағы қалам тербеген, ұлт әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын-жазушы, драматургтердің шығар-машылығындағы дәстүрлі әдебиет үлгісін, жаңашылықты тану. Әдеби бағыттар мен олардың өкілдерін айқындау арқылы шығармашылық жетістік пен кемшіліктерді саралау. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің өріс алған қоғамдық, санаткерлік, көсемсөздік міндеттердің нәтижелерін салыстырмалы түрде қарастыру, азаматтық әуен, азаматтық рухты тану бұл бағыттағы қаламгерлер творчествосының қазақ әдебиетінің өркендетудегі қызметін айқындау.