Бұл курс JavaScript бағдарламалау негіздерін, сонымен қатар JavaScript-ті тәжірибеде пайдалану үшін қажет кейбір құралдар мен деректер үлгілерін қамтиды. JavaScript – динамикалық, объектіге бағытталған, оқиғаларға негізделген программалау тілі, ол веб-браузерлерде интерактивті функционал жасауда кеңінен қолданылады. Пән аясында студенттер JavaScript тілінің негізгі синтаксисін, деректер түрлерін, операторларды, басқару құрылымдарын, функцияларды, объектілерді, массивтерді, DOM құрылымын басқару әдістерін, оқиғалармен жұмыс істеуді, және браузермен өзара әрекеттесу механизмдерін меңгереді. 

Пәннің мақсаты: студенттерге JavaScript программалау тілін меңгерту, веб-беттерді интерактивті және динамикалық ету үшін қажет практикалық дағдыларды қалыптастыру. Студенттер JavaScript көмегімен қарапайым скрипттерден бастап күрделі веб-қосымшаларға дейін жасауды үйренеді және нақты жобаларда қолдана алатын білім мен дағдыға ие болады.