Пәнді оқыту барысында эволюциялық теория әдістері, әр түрлі кезеңдерде жабайы табиғаттың даму тарихы,  биолог ғалымдардың тіршіліктің эволюциялық дамуы туралы  туралы идеялары,   Ч. Дарвин теориясының негізгі ережелері қамтылады. Эволюцияның синтетикалық теориясы, микроэволюция ілімі туралы материалдар егжей-тегжейлі сипатталған. Макроэволюция мәселелерінің экспозициясы бар.  Тірі табиғат эволюциясы мен ғылыми дүниетаным әлемінің формаларын білу мен басқарудағы эволюциялық ілімнің маңыздылығын жан-жақты қарастырылады. Курс білім алушыларға  эволюциялық ілімнің негізгі  түсініктерді меңгертіп,тірі табиғаттың дамуы мен қалыптасу  заңдылықтарын  ашуды көздейді.

Пәннің мақсаты:        Пәнді оқытудың мақсаты эволциялық ілімнің негізгі теорияларын, зерттеу әдістерін меңгерту негізінде білім алушыларда тірі табиғаттың тарихи дамуының негізгі тетіктері мен заңдылықтары туралы ғылыми түсініктерін білім, білік дағдыларын, кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру