«Кредиттік іс» пәні «Қаржылық пәндер» модулінің  таңдау компоненті болып табылады. Қазіргі кезеңдегі экономикалық теорияда «несиелік жүйе» деген ұғымның анықтамасының функционалдық және мекемелік тәсілдемесі жеке бөлінеді. Функционалдық тәсілдемеге сәйкес несиелік жүйесіне несиелік қарым-қатынастарының жиынтығы ғана емес, сонымен бірге несиелеу нысандары мен әдістері де кіреді. Мекемелік тәсілдеме бойынша несиелік жүйе - бұл несиелеудің негізгі қағидаларына сәйкес ақшалай қаражатты жинақтайтын және пайдаланатын несиелік институттардың жиынтығы.

Пәннің мақсаты несиелеу мәні түрлері, несиелік ресурстарын анықтау және тиімді пайдалану, несиелеуді ұйымдастыру, несие алушының несие өтеу қабілетін бағалау, бағалау әдістерінің тиімділігін талдау, несиелік тәуекелді басқару саласындағы білімгерлердің білімдерін терендету.

Пәннің негізгі міндеттері:

-      несиелеу мәнін ашу, түрлерін қарастыру, ерекшеліктерін анықтау

-      несиелік үдерісті қарастыру

-      несие алушының несие алу қабілеттілігін бағалау әдістерін қарастыру

-      несие алушының несие алу қабілеттілігін бағалау әдістерін пайдаланудың отандық және шетел тәжірибесін талдау

-      несиені қайтаруды қамтамасыз ету нысандарын қарастыру

-      несиелік мониторингтің рөлі мен маңыздылығын анықтау

-      несиелік тәуекелді басқару әдістерін қарастыру, еліміздің банктік тәжірибесінде қолданысқа ие болған әдістерді талдау

-      проблемалық несиелермен банктің жұмыс қарастыру

ҚР несиелік нарықтың қазіргі жағдайына талдау жүргізу