Мақсаты: математиканың негізгі түсініктерін оқу және оларды қолдану; осы пәннің типтік есептерін шешудің негізгі математикалық әдістерімен танысу және оларды практикада қолдануды үйрену; зерттеудің математикалық ақпаратымен жақын танысу.

Пәннің қысқаша сипаттамасы (Аннотация): Математика пәні «Қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша болашақ мамандардың кәсіби қызметінде қолданылатын математикалық әдістерді меңгертуге бағытталған.  Курс барысында студенттер математикалық талдау, сызықтық алгебра, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтерін меңгереді.  

Оқыту нәтижелері: Пәнді оқыту және емтихан тапсыру барысында білімгер математиканың  негізгі  ұғымдары мен тұжырымдарын  және олардың  әртүрлі ғылыми облыстарда қолданылуын меңгереді.

-              математиканың жалпы  заңдылықтарының   мазмұнын   ашу, оны практикалық есептерді шешуде қолдана білу.

-              математиканың есептеулерінің әдіс-тәсілдерін меңгеру;

-            математикалық есептеулерінің ғылыми негіздерін меңгереді.