Сервистік қызметтің мәнін және сервистік қызметті дамытудың алғышарттарының рөлін ашады. Туристті қонақ ретінде және қызметтерді тұтынушы ретінде қарастырады. Қонақжайлылық индустриясындағы турагент пен туроператордың рөлін сипаттайды. Тұтынушыға қатысты қонақжайлылық индустриясындағы өнімнің ерекшелігін және сервистік қызмет сапасын қамтамасыз етуді зерттейді. Клиентке бағдарлану ұғымын ашады. Адалдықты қонақжайлылық индустриясындағы сервистік қызметтің нәтижесі және тұтынушылық адалдықты қалыптастыру әдістері ретінде қарастырады.