Халықаралық жария құқық – мемлекеттер мен басқа да халықаралық құқық субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін құқық саласы. Халықаралық құқықтың қағидаттары мен қайнар көздерін (халықаралық шарттар, әдет-ғұрып, БҰҰ актілері) оқытады; мемлекеттердің құқықтық мәртебесін, егемендік пен аумақтық тұтастықты қарастырады; халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЮНЕСКО, т.б.) құқықтық негіздерін зерттейді; халықаралық жауапкершілік, дауларды бейбіт жолмен шешу тетіктерін қамтиды; адам құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау, халықаралық гуманитарлық құқық мәселелерін талдайды.

Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін, халықаралық құқық теориясы мен практикасын реттейтін халықаралық құқық нормаларымен қағидаттарының мәнін түсінуі, олардың халықаралық құқық нормаларын қолдану дағдыларын игеруі болып табылады.

Оқыту нәтижелері:

ОН 1  – тұлғаларға өкілдік ету және қорғауды іске асыру,  құқықтық құжаттарды ресімдеу және халықаралық істерді шешу дағдыларын меңгеру халықаралық арбитраж, туралы заңды қолдануға;

ОН 2 – құқық саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, алынған нәтижелерді бағалау, ғылыми мақалаларды жариялау арқылы алынған нәтижелерді ұсыну, ғылыми-зерттеу жобаларға қатыса алады;

ОН 3 – алған білімдері негізінде туындайтын құқықтық жағдайларды жүйелей білу, сонымен қатар конструктивті диалог құру, келіссөздер жүргізу және даулы жағдайларды жою дағдыларына ие болу, білікті заңдық қорытындылар мен кеңестер беруді білуге;

ОН 4 – халықаралық шарттарды жасасу және халықаралық ұйымдарды құру тәртібі туралы білімді қолдану, халықаралық құқық нормаларын талдау және түсіндіру; халықаралық дауларды құқықтық реттеу дағдылары болуы, сондай-ақ ұлттық заңнаманың нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкестігіне сараптама жүргізу.

ОН 5 – академиялық деңгейде ағылшын тілін жазу және сөйлеу дағдыларының болуы, заң терминологиясын білу, сонымен қатар заңгерлік және дипломатиялық аударма техникасын меңгеруге;

ОН 6 – дипломатиялық және консулдық құқықтық қатынастардың негіздерін білуі, дипломатиялық этикет пен хаттама негіздері бойынша білімін қолдануы, сондай-ақ хаттамалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді жоспарлауын жүзеге асырады.