Білімгерлерді
деректер қорын жобадаудың келесідей
негізгі әдіснамаларымен:
реляциялық, иерархиялық және желілік деректер қоры мысалында тұжырымдамалық, логикалық және физикалық жобалаумен таныстырады. Білімгерлер деректер қорын басқару және сипаттау тілдерінің, сондай-ақ сұраныстар құру тілдерінің негізін оқып-үйренеді. Деректер қоры жүйесінің қолданылу аймағы, олардың сәулеті мен
жобалаудың негізгі тәсілдері
туралы түсініктері қалыптасады. Клиент-сервер технологиясын жүзеге асыруда заманауи
аппараттық-программалық қамтамалар
мүмкіндіктерін қолдану, күрделі интеграциялық жүйелермен жұмыс жасау қағидалары
үйретіледі. Жергілікті желідегі және бұлттық ресурстағы серверлерді баптау,
заманауи әдістерді қолданып клиенттік қосымшалар құру, клиент-серверлі
есептеулер мен өндірістік үрдістер арасындағы байланыс, ескі жүйелерден
миграция жұмыстары қарастырылады