Білімгерлерді деректер қорын  жобадаудың келесідей негізгі  әдіснамаларымен: реляциялық,  иерархиялық және желілік  деректер қоры мысалында  тұжырымдамалық, логикалық  және физикалық жобалаумен  таныстырады. Білімгерлер  деректер қорын басқару және  сипаттау тілдерінің, сондай-ақ  сұраныстар құру тілдерінің  негізін оқып-үйренеді.  Деректер қоры жүйесінің  қолданылу аймағы, олардың  сәулеті мен  жобалаудың негізгі  тәсілдері туралы түсініктері  қалыптасады. Клиент-сервер технологиясын жүзеге асыруда заманауи аппараттық-программалық қамтамалар мүмкіндіктерін қолдану, күрделі интеграциялық жүйелермен жұмыс жасау қағидалары үйретіледі. Жергілікті желідегі және бұлттық ресурстағы серверлерді баптау, заманауи әдістерді қолданып клиенттік қосымшалар құру, клиент-серверлі есептеулер мен өндірістік үрдістер арасындағы байланыс, ескі жүйелерден миграция жұмыстары қарастырылады