кімге арналған: студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша бакалавриат бағдарламасына сәйкес білім алушыларға, көбінесе Ақпараттық жүйелер, Ақпараттық жүйелер архитектурасы, Smart жүйелерді жобалау және жЖасанды интеллект инжинирингі  білім беру бағдарламаларына арналған;

мақсаты: студенттерге робототехника және робототехникалық жүйелер бойынша іргелі қағидаларды және негізгі түсініктерді беру. Ардуино есептеуіш платформасы        негізінде басқарылатын электрондық құралдарды    әзірлеу, жобалау       және бағдарламалау принциптері мен әдістерімен таныстыру.

нәтижелері:

·           Ардуиноның жұмыс істеу қағидаларын және қолдану саласын,

·           Ардуиноның негізгі электрондық және компьютерлік құраушыларын,

·           автоматтандырудың, робототехникалық жүйелердің жобалау, басқару есептерінің алгоритмдерін, программасын құруды үйренеді.

·           қолданбалы ғылым ретінде робототехниканың рөлін және басқа ғылымдар арасындағы орнын, даму тарихын;

·           робототехникалық жүйелердің жұмыс істеу қағидаларын және қолдану саласын;

·           робототехникалық жүйелердің негізгі механикалық, электрондық және компьютерлік құраушыларын;

·           робототехникалық жүйелердің талдауы және синтезінің әдіснамалық негізін.

жасай біледі:

·           робототехниканың даму тенденцияларын қолдана алады;

·           алынған бастапқы білімді аралас пәндерді оқу кезінде пайдалана біледі;

·           робототехникалық жүйелерді талдай және синтездей алады.

меңгереді:

·           білімдерді көрсету моделдерін құра алу, робототехникалық жүйелерді программалау тәсілдерін, білімдердің ақпараттық моделдерін, білімдерді көрсетудің тәсілдерін.

·           Пәнді оқып, меңгеру үрдісінде студенттер келесі құзыретілікке ие болады:

Арнайы

·           өзінің ақыл-ой өрісін жетілдіруге ұмтылады, біліктілігін, шеберлігін арттырады;

·           өзінің интеллектуалды және жалпы мәдени деңгейін дамытады және жетілдіре алады;

·           зерттеудің жаңа әдістерін өз бетінше оқуға дағдыланады, өзінің кәсіби қызметінде ғылыми және ғылыми-өндірістік өзгерістерге бейімделе алады;

Кәсіптік:

·           робототехника және ақпараттық технологиялардың дамуының дүниежүзілік тенденцияларының білімі негізінде кәсіби программаларын құру және  зерттеудің перспективті әдістерін қолданады;

·           автоматтандыру объектілерін жобалау және басқару есептерін шешу алгоритмін құрады және әдістерді таңдайды;

құрастырылған программалық