кімге арналған: студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша бакалавриат бағдарламасына сәйкес білім алушыларға, көбінесе Ақпараттық жүйелер, Ақпараттық жүйелер архитектурасы, Smart жүйелерді жобалау және жЖасанды интеллект инжинирингі білім беру бағдарламаларына арналған;
мақсаты: студенттерге робототехника және робототехникалық жүйелер бойынша іргелі қағидаларды және негізгі түсініктерді беру. Ардуино есептеуіш платформасы негізінде басқарылатын электрондық құралдарды әзірлеу, жобалау және бағдарламалау принциптері мен әдістерімен таныстыру.
нәтижелері:
· Ардуиноның жұмыс істеу қағидаларын және қолдану саласын,
· Ардуиноның негізгі электрондық және компьютерлік құраушыларын,
· автоматтандырудың, робототехникалық жүйелердің жобалау, басқару есептерінің алгоритмдерін, программасын құруды үйренеді.
· қолданбалы ғылым ретінде робототехниканың рөлін және басқа ғылымдар арасындағы орнын, даму тарихын;
· робототехникалық жүйелердің жұмыс істеу қағидаларын және қолдану саласын;
· робототехникалық жүйелердің негізгі механикалық, электрондық және компьютерлік құраушыларын;
· робототехникалық жүйелердің талдауы және синтезінің әдіснамалық негізін.
жасай біледі:
· робототехниканың даму тенденцияларын қолдана алады;
· алынған бастапқы білімді аралас пәндерді оқу кезінде пайдалана біледі;
· робототехникалық жүйелерді талдай және синтездей алады.
меңгереді:
· білімдерді көрсету моделдерін құра алу, робототехникалық жүйелерді программалау тәсілдерін, білімдердің ақпараттық моделдерін, білімдерді көрсетудің тәсілдерін.
· Пәнді оқып, меңгеру үрдісінде студенттер келесі құзыретілікке ие болады:
Арнайы
· өзінің ақыл-ой өрісін жетілдіруге ұмтылады, біліктілігін, шеберлігін арттырады;
· өзінің интеллектуалды және жалпы мәдени деңгейін дамытады және жетілдіре алады;
· зерттеудің жаңа әдістерін өз бетінше оқуға дағдыланады, өзінің кәсіби қызметінде ғылыми және ғылыми-өндірістік өзгерістерге бейімделе алады;
Кәсіптік:
· робототехника және ақпараттық технологиялардың дамуының дүниежүзілік тенденцияларының білімі негізінде кәсіби программаларын құру және зерттеудің перспективті әдістерін қолданады;
· автоматтандыру объектілерін жобалау және басқару есептерін шешу алгоритмін құрады және әдістерді таңдайды;
құрастырылған программалық