Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеру үстінде. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықылас қауырт өсті. Осындай жағдайларда Қазақстанның тарихи өткен жолының объективті, идеологиялық коньюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, азаматтылық пен елжандылық һәм ұлтжандылыққа тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.

Қазақстан тарихын оқыту бес кезеңге бөліп оқытылады: ежелгі Қазақстан тарихы, Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы, Қазақстанның жаңа заман тарихы, Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Тәуелсіз Қазақстан тарихы.

Соның ішінде алғашқы кезең «Ежелгі Қазақстан тарихы мен мәдениеті» пәні – тас ғасыры, қола дәуірі және алғашқы тайпалық бірлестіктер сақ, үйсін, қаңлы, ғұн және сарматтардың тарихын ғылыми-әдістемелік тұрғыда оқытады.

«Ежелгі Қазақстан тарихы мен мәдениеті» атты курстың алдына қойған мақсаты Қазақстан тарихын көне заманнан, яғни палеолит дәуірінен – ҮІ ғ. ортасы, яғни Түрік қағанатының құрылуына дейінгі кезеңді жүйелі, бүгінгі күн талабына сай жоғарғы әдістемелік тұрғыда оқытуды жүзеге асырады.

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы

Постреквизиттері: Қазақстанның орта ғасырлар тарихы