Жаңа уақыттағы әлем (Батыс) тарихы Европа және Америка елдерінің жаңа кезеңдегі даму ерекшеліктері мен қоғамдық-саяси және мәдени үрдістерін ашады, әлеуметтік-экономикалық даму, ерте буржуазиялық революциялардың жүру заңдылықтарын, демократиялық қайта құру үрдісін қарастырады. Сондай-ақ курс Батыс державаларының Азия мен Африка елдеріндегі отаршылдық саясатын, оның алғышарттары мен барысын қамтиды.

Европа және Американың жаңа замандағы тарихи үрдісінің аймақтық және локалды ерекшеліктерімен бірге жалпы көрінісін; әлемдік тарихи ғылымның теориялық-әдістемелік негіздерін; дүниежүзілік тарихи прогреске европалық мәдениеттердің үлесін түсіндіру. Әлемдік тарихтың негізгі кезеңдері мен оқиғаларын, принциптерін, тарихи дүниетанымның әдістерін түйсіну және білуге бағыт беру. Европа және Америка елдерінің XVІІ ғ. – ХХ ғ. басындағы саяси дамуын, осы кезеңдердегі ғылыми-техникалық прогресс мәселелерін және оның экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, Батыс өркениеттің даму заңдылықтарын ашып көрсету.