Курс бала психологиясының бүкіл қалыптасуы мен дамуының іргелі жетістіктерін, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық дамуының әлемдік және отандық теорияларын талдауды қамтиды. Курс тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық әрекетінің әртүрлі салаларын және жеке тұлғасын зерттеу және диагностикалау әдістерін меңгеруге көмектеседі.
6В01302 - Бастауыш білім беру (IP) БББ студенттеріне арналған.
Пәннің мақсаты: Балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау, эмоциялар, мінез-құлық және әлеуметтік қатынастарын түсіну, сондай-ақ осы кезеңдегі оқыту мен тәрбиелеу процесінде қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы білім беру.
Оқыту нәтижелері:
ОН1 – Қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық стандарттарына сәйкес дүниетанымдық, тарихи және адамгершілікте даму үшін пәнаралық білім мен тәжірибені қолданады.
ОН5 – Педагогика мен психологиядан алған білімдерін тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу, дамыту, өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қолдана алады.