Логопедияның теориялық және әдіснамалық негіздерін, пәнін, нысанын, әдістерін, міндеттерін, қағидаларын, басқа да ғылыми пәндермен өзара байланысын ашады. Сөйлеу тілінің анатомиялық - физиологиялық механизмдерін, заңдылықтарын және даму кезеңдерін зерттейді. Сөйлеу тілі бұзылған балаларды тексеруді, сөйлеу тілінің бұзылыстарын жіктеуді, клиникалық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық жіктеуді сипаттайды. Балаладың тіл кемістіктерін анықтау, ажырату, әртүрлі арнайы мекемелерде ондай балаларға логопедиялық ықпал жасау, түзете – тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлау туралы білім алушыларға теориялық білім беру және кәсіби дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің мақсаты: сөйлеу тілінің кемістігін түзетуде логопедиялық жұмыстарды қолдану барысында теориялық, практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру; сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалар мен ересектердің сөйлеу дамуының заңдылықтарын, себептерін, түрлерін және оларды диагностикалау мен түзету-дамыту жұмыстарының ғылыми-тәжірибелік негіздерін меңгерген білікті маман даярлау.