Педагогикалық психология дамуының заманауи деңгейін зерделеуді, баланың психикасының дамуы, онтогенездегі психикалық дамудың негізгі заңдылықтары туралы, жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі кезеңдерінде бала психологиясының маңызды ерекшеліктері туралы түсінік беру. Балалардың психикалық дамуы мен оқытудың және білім берудің негізгі психологиялық үлгілері туралы білімді қалыптастырады, осы білімді тәжірибеде қолдану.

Пәннің мақсаты  

Білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру кезінде педагогика мен психологияның теориялық негіздерін қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері

Білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру кезінде педагогика мен психологияның іргелі білім таныту; білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін, даму үдерістерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару;