Сөз тіркестері, тіркесу амалдары мен формалары, есімді және етістікті тіркестер; сөйлемді тану принциптері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуін қамтиды.
Курс құрмалас сөйлемнің жалпы сипатын, салалас, сабақтас аралас, көп компонентті түрлері, жасалу ерекшеліктері, құрмалас сөйлемнің интонациясы, тыныс белгілері және оны оқыту жайлы теориялық білім беруге бағытталған.
Пәннің мақсаты: Синтаксистік тұлғалар, олардың түрлері коммуникативтік грамматикалық дербес синтакасистік формалар, синтаксистік жүйе, салаласа, сабақтаса байланысқан сөз тіркестері мен оларды құруға қатысатын амалдар туралы түсінік беріп, жай сөйлемдердің грамматикалық сипатын, семантикалық-грамматикалық формаларын таныту.
Синтаксис – сөйлем құрудың жүйесі, сондықтан құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары жайлы теориялық білім беруді, өзіндік белгілері, басқа тілдік конструкциялардан айырмасы, жасалу жолдары мен түрлері жайлы теориялық білім беруді, ал практикалық бөлімі студенттердің меңгерген блімдерін бекітуді, білім дәрежесін толықтыра түсуді мақсат етеді.
Оқыту нәтижелері:
– қазіргі қазақ тіл білімі салалары бойынша теориялық білімін көрсетеді; тіл білімінің жаңа бағыттарын жіктейді; жазу теориясы бойынша ғылыми мәліметті баяндайды; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін сипаттайды.
– жалпы тіл білімінің теориялық тұжырымдарын, функционалды грамматика теориясын түсіндіреді; іскерлік коммуникацияның құралдары мен стратегиясын ажырата алады; қазақ тілінде іс қағаздар жүргізеді.
– қазақ тілінде сауатты, тілдік, стильді нормаға сай жазба жұмыстар, шығарма, эссе, әңгіме құрастырады; тіл блімінің және әдебиеттанудың жаңа бағыттарының даму үдерісіне қатысты болжам жасайды; қазақ тілі мен әдебиеті бойынша зерттеу жүргізеді.