Алаш
дәуірі – ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының саяси, мәдени және рухани жаңғыру
кезеңі. Бұл кезеңде ұлт зиялылары елдің тәуелсіздігімен қатар, тіл, білім,
мәдениет мәселелерін күн тәртібіне қойды. Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру,
жазу жүйесін жетілдіру, оқулықтар жазу – Алаш қайраткерлерінің басты
мақсаттарының бірі болды. А.Байтұрсынов, Елдес Омарұлы, Құдайберген Жұбанов,
Халел Досмұхамедұлы, Телжан Шонанұлы,, Нәзір Төреқұловтың тіл дыбыстарын жіктеуі, қазақ әліпбиін жасауы,
тіліміздің грамматикалық құрылымы, грамматикалық категориялар, сөз таптары,
олардың категориялары, құрмалас сөйлем, түрлеріне қатысты еңбектерінің мазмұны,
олардың маңызы мен мәні қарастырылады.
А.Байтұрсынов пен Құдайберген Жұбановтың
фонетика саласындағы; морфология саласындағы; синтаксис саласындағы;
терминология саласындағы еңбектерін қамтиды.
Қазақ тіл біліміндегі «Жұбанов кезеңінің» (1932-1937) өзіндік қыр-сырын ашу
көзделеді.
Алаш дәуіріндегі тілтанушылар- А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы,
Елдес Омарұлы, Телжан Шонанов, Нәзір Төреқұлов,Қ.Жұбановтың тіл біліміне
қатысты еңбектерімен таныстыру, ғылыми-теориялық білім бере отырып, зерттелуге
тиісті ғалым еңбектеріндегі мәселелерді анықтату. Шығармаларына
талдау-сараптама жасату, пікірлерін жетілдіріп отыру. Ғалымдардың әр саладағы
еңбектерін талдауға,еңбектер бойынша
пікір айтуға, сараптама жасауға және
терминология мәселесі бойынша жасаған еңбектерінің маңызын ашып көрсетуге үйрету.