Мақсаты: Жетісу әдебиетін тануды жалпы қазақ қаламгерлері шығармашылығымен байланыстыра қарастырып, қазақ әдебиетінің өркендетудегі қызметін айқындау, кейінгі әдебиеттегі асыл арналарын жүйелеу.
ОН 5 – қазақ және шетелдік ақын-жазушылардың шығармашылығына идеялық-мазмұндық, жанрлық ерекшелік, сюжеттік-композициялық, стильдік, поэтикалық тұрғыда кешенді талдау жасайды; түркі халықтары әдебиетінің даму бағытын бағалайды.
ОН 8 – әдебиет теориясы мен сынын, поэтикасын сын тұрғысынан талдайды; қазақ әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерді, бағыттарды, мектептерді, оның өкілдерін ажыратады; әдеби тұжырымдарды салыстырады.
Жетісу өңірінен шыққан ақын – жазушылар өмірі мен шығармашылығын оқыту арқылы туған өлке тарихы, мәдениеті, әдебиеті меңгертіледі. Жергілікті әдебиетті оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесі қамтылады. Жетісу жеріндегі ақын-жазушылардың әдеби мұрасы, оның идеялық-композицялық ерекшеліктері, поэтикасы, қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығы, жергілікті әдебиет өкілдерінің бағдарламада қамтылуы, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылады.