Кімге арналған: 6В02302- ФИЛОЛОГИЯ ББ арналған
Мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі аударматану мәселесін, тарихын, теориясы мен тәжірибесін, аударма теориясының негізгі салаларын, аудармадағы тілдік дәнекерлікті, баламалық мәселелерін, көркем аударманы, лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдарын эквивалентсіз лексиканы қарастырады. Орыс-қазақ тілінде жазбаша-жазбаша; ауызша-ауызша; жазбаша-ауызша; ауызша-жазбаша аударма жасауды меңгертеді.
Аударманың лингвистикалық теориясының түрлі типті мәтіндерді аудару үрдісінің ерекшеліктері мен осы үрдіске сөз формалары мен оны жүзеге саласы екендігін, көркем аударманы, лексикалық бірліктерді аударудың негізгі жолдарын оқыту.
Оқыту нәтижелері:
ОН 6 – іскерлік коммуникацияның құралдары мен стратегиясын қолданады; мәдениетаралық деңгейде сұхбаттасады; қазақ тілінде іс қағаздар жүргізеді; академиялық мәтінді интерпретациялайды; қазақ-орыс тілдерінде ауызша және жазбаша аударма жасайды; тілдік объектілерге лингвистикалық сараптама жасайды.
ОН 10 – қазақ әдеби тілінің тарихын негіздейді; тілдік обьектілердің стильдік ерекшеліктерін бағалайды; жалпы тіл білімінің теориялық тұжырымдарына, функционалды грамматика теориясына қатысты пікір білдіреді, тілдің танымдық, мәдени, этникалық, психологиялық, қолданбалық ерекшелігін дәйектейді.