Журналистиканың ғылым ретінде және тарихи кезеңде қызмет етудің әртүрлі қоғамдық-саяси жағдайын салыстыру әдісімен ақпарат жинау, өңдеу, таратудың тәжірибесі ретінде түсіндіру, жүйелі және мақсатты ақпарат тарату арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру мен айқындау процесіндегі журналистік қызметтің ерекшеліктерін айқындау, журналистік қызметтің жалпы теориялық-методикалық және субъективті- объективті принциптерінің іс-әрекетін көрсету, БАҚ туралы заңда қарастырылған құқықтарды пайдалану мен журналистің міндеттерін ұстануды үйрету, тәуелсіз баспасөз қызметі жағдайындағы баспасөз бостандығы ұранының қалыптасу ерекшелігін көрсету. Журналистік мамандықты әдеби және ұйымдастырушылық шығармашылықтың ерекше түрі ретінде түсіндіру.

         Ежелгі ұлттық ақпаратты беру мен сақтаудың түрлері мен формаларын меңгереді;

- бастапқы тасымалдаушылардың материалдық формаларының өсуі мен дамуының эволюциялық жолы туралы біледі;

- Қазақ баспасөзінің тарихындағы «олқылықтарға» ерекше назар аударыңыз.

- студенттерге қазақстандық журналистика тарихы бойынша ғылыми еңбектер жазуға көмектесу.

- теориялық білімдерін практикада қолдануға үйренеді;

- Кәсіби зерттеу дағдыларын дамытады.

- қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелерін білуі тиіс;

- журналистиканың негізгі әдістерін меңгеру.

Қазақ журналистикасының тарихы пәнінің мақсаты – Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты соңғы он жылда қазақ журналистикасының өткен тарихының «ақтаңдақ» тұстары қайта қаралып, кезінде ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деген нақақ жаламен жабылып қалған «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Абай» сияқты газет – журналдар мен онда қызмет істеген, әр жылдары жарияланымдары жарық көрген  А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейханұлы, М.Шоқай, Х.Досмұхамедұлы, Х.Ғаббасұлы, Ә.Ермекұлы, С.Қожанұлы, Қ.Кемеңгерұлы сынды қазақ халқының біртуар зиялыларының қыруар мұраларын оқыту.

Оқыту нәтижелері: Ұлттық журналистиканың дамуының негізгі кезеңдерін біледі;  Қазақ қоғамы мен қазақ журналистикасының даму кезеңдерін сыни талдау арқылы адамзат даму парадигмасымен байланыстырады; қазақ журналистикасының негізін қалаушылар  алғашқы қазақ газеттерінің идеяларын, қырларын зерттей алады.

            ОН1 – Бұқаралық ақпарат құралдарында жазылған мәдениет және саяси маңызы бар ақпараттардың мәнін түсіну; көркем публицистикада, кино және масс-медиада берілген дәйектер мен бейнелердің заманауи міндеттерін анықтау; отандық журналистиканың жанрлық жүйесін білу, салалық журналистиканы меңгеру;  БАҚ тарихының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері туралы білімді интеграциялау және қоғамдық-саяси өмірмен байланыстыру.

            ОН3 – Редакциялық жұмыстың заманауи әдістері мен цифрлық монтажды меңгеру; мамандықтың базалық және бейінді пәндері бойынша іргелі білім есебінен журналистика саласындағы кәсіби құзыреттілікті анықтау; басқарушылық қызмет арқылы БАҚ рейтингін арттыруға ықпал ету; баспасөзде жариялау үшін іскерлік немесе басқа ұйымдар туралы жарнамалық материалдарды таңдап радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату; конвергенциялық журналистиканың заңдылықтарын меңгеру.