Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, саяси, этникалық және халықаралық қақтығыстардың табиғатын, себептері мен даму механизмдерін теориялық тұрғыдан түсіндіру және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіби, объективті әрі жауапты түрде жариялау дағдыларын қалыптастыру.Қақтығыстарды талдау, олардың медиадағы көрінісін сыни тұрғыдан бағалау, ақпараттық манипуляция мен пропаганданы ажырату, бейбітшілікке бағытталған журналистика қағидаларын меңгерту және медианың қоғамдағы бітімгерлік рөлін түсіндіру.

ОН1 – Қоғаммен байланыстың технологияларын меңгеру, журналистік мәтінді құрастыру; мамандандырылған салаларда оқиғалардың дамуы туралы зерттеу жүргізу және есеп жасау; бұқаралық коммуникацияның негізгі теорияларын, БАҚ-тың экономикалық проблемаларын, журналистикадағы ұлттық мәдениеттің аспектілерін бөліп көрсету.

ОН6 – Қазіргі заманғы технологиялық талаптары бар баспа басылымының, телерадио бағдарламасының, мультимедиалық материалдың өндірістік процесіне қатысу; қоғамдағы өзекті мәселелерді бағалау; қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық процестерді дамытудағы қалыптасқан үрдістер негізінде жағдайға түсінік беру, журналистік зерттеуді өз бетінше жүзеге асыру, БАҚ-тағы фотосуреттің қырларын меңгеру, қазіргі БАҚ-тың сұранысына сәйкес фотомаман дайындау.