Журналистік шеберліктің негіздерін үйрету. Кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында студенттерге тәжірибелік тұрғыдан білім беру, теорияны мен тәжірибені ұштастыра отырып, журналистік шеберліктің қыр- сырына баулу.

ОН2 – Редакциялық жұмыстың заманауи әдістері мен цифрлық монтажды меңгеру; мамандықтың базалық және бейінді пәндері бойынша іргелі білім есебінен журналистика саласындағы кәсіби құзыреттілікті анықтау; басқарушылық қызмет арқылы БАҚ рейтингін арттыруға ықпал ету; баспасөзде жариялау үшін іскерлік немесе басқа ұйымдар туралы жарнамалық материалдарды таңдап радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату; конвергенциялық журналистиканың заңдылықтарын меңгеру.

ОН5 – Редакциялық мақала жазуда және өзекті мәселелер бойынша жарияланым немесе эфирлік материалдар туралы қоғамдық қызығушылық пен пікірді білдіру үшін түсініктеме дайындауда алынған білімді синтездеу; жариялауға арналған материалдарды талдау; стильдерді, грамматикалық байланысты, мазмұнның дәлдігі мен заңдылығын ажырату, сұхбат, тергеу және бақылау арқылы жергілікті, ұлттық және халықаралық жаңалықтарды салыстыру.

ОН8 – Газеттерде және мерзімді басылымдарда жариялау үшін немесе радио, теледидар, интернет желісінде тарату үшін жаңалықтар мен ағымдағы оқиғаларға ақпараттар жасай алу; басып шығару алдында соңғы түзетуді тексеру үшін өндірістік қызметкерлермен байланыс орнату; ақпараттық және білім беру технологиялары негізінде білім беру рейтингтерін құру; кәсіби және жеке қызмет тәжірибесін көрсету; практикалық міндеттерді жедел шешуге ықпал ететін жүйелі ойлау дағдыларын меңгеру; кәсіби қызметте теориялық білімін қолдану; шет тілінде ақпарат дайындап үйрету.