Бұл курс оқушылардың тірі
ағзалар мен биологиялық үдерістерді зерттеуін практикалық жобалар, тәжірибелер
және сандық құралдар арқылы дамытады. Сабақтарда деректерді талдау, модельдеу,
биотехнология элементтері, экология және денсаулық сақтау мәселелері қарастырылады.
STIM әдісі оқушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын,
командалық жұмысын және нақты өмірлік мәселелерді шешу қабілетін
қалыптастырады.
Оқушылардың биологиялық
білімін ғылым, технология, инновация және математикамен кіріктіре отырып
дамыту; тірі табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыда түсінетін, зерттеу жүргізе
алатын, деректерді талдап, өмірде қолдана білетін, шығармашыл және сыни
ойлайтын тұлға қалыптастыру.