Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарты. Биологияны оқытуда құзыреттілік пен құзыреттілік тәсілдері. Білім берудің нәтижесі жинақталған тәжірибе, өмірде қажетті танылған қоғамдық құндылықтардың қалыптасқан жүйесі болып табылады. Даму сергітетін ішкі, жеке-психикалық, сыртқы жалпыадамзаттық мүмкіндіктерді және жеке тұлғаның бағыттылығының әртүрлі аспектілерін - қажеттіліктерді, ұстанымдарды, уәждер мен идеалдарды болжайды. Оқыту тұлғаны дамытуда маңызды рөл атқарады.

Пәннің мақсаты:  Биологиядан қосымша оқытуды ұйымдастыру әдістерін қалыптастыру және әдістемелік білім мен біліктілік жүйесін толық меңгерген болашақ мүгалімдерді дайындау.

Оқыту нәтижелері:

ЖОО-да Биологияны оқыту әдістерін меңгеру, оқыту үдерісінде оқытудың инновациялық әдістемелерін және бағалау технологияларын қолдану, қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландыруда оқу-тәрбие үдерісін басқару.

Қалыптасатын құзыреттер: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын  игеру. Педагогикалық технологиялар пайдалану саласында іздену, бағалау, саралау білу. Ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеудің студенттердің білім қорын арттырудағы маңызын ашып көрсету.