Тірі организмдер мен тіршілік ету ортасының өзара әрекеттесуінің жалпы заңдылықтары туралы білім алуға бұл пән ықпал етеді. Қоршаған ортаға антропогендік әсермен байланысты проблемалар талданады. Табиғатты пайдалануды басқарудың негізгі әдістері, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары салыстырылады. Табиғат пайдалану жүйелері жіктеледі. Экономикалық дамыған елдерде және дамушы елдерде табиғатты пайдалану жүйелері зерттелуде.

Экология және табиғатты пайдалану саласындағы білімді қалыптастыру.

OH-2 Зерттеу мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу, ғылым мен ғылыми танымның рөлі, оның құрылымы, нысандары мен әдістері, ғылым, техника мен технология жетістіктерін дамыту және пайдаланумен байланысты әлеуметтік немесе экологиялық проблемалар туралы білу.

OH-8 Құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық, мәдиниеттік ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу.