Бұл курс ISO 22000 халықаралық стандарттарға негізделген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті қағидаларын, еңбекті қорғау және еңбекті қорғауды басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша теориялық және практикалық мәселелерді талқылайды
Пәннің мақсаты – кез келген инженерлік міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдығының шартсыздығы-басты қағидатын терең ұғынуға негізделген ойлауды қалыптастыру; химиялық және биотехнологиялық кәсіпорындарда адам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі аспектілерін зерделеу болып табылады.
Пәннің оқыту нәтижелері: ОН8 – Кәсіпорындардың сапа менеджмент жүйесінің өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру; Сапа менеджмент жүйесін тексеру кезінде сәйкессіздіктерді анықтау,
ОН9 – Сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізу, аккредиттеу және лицензиялау жөніндегі нормативтік құжаттарды іс жүзінде қолдану;
ОН10 - Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі қолданыстағы стандарттарды және басқа да құжаттарды бағалау, халықаралық және өңірлік стандарттарды, сондай-ақ аккредиттеу, мемлекеттік бақылау және аудит саласындағы нормативтік құжаттарды талдау