Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін фундаменталды даярлауға бағытталған. Тәрбие теориясы мен әдістемесі бастауыш білім беру мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық даярлауға бағытталған, ол тәрбие процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның заңдылықтары мен принциптерін, мақсаттары мен мазмұнын, сондай-ақ тәрбие жұмысының әдістерін, формаларын, құралдарын, шарттарын зерттейтін педагогиканың бір бөлігі болып табылады.

 

6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған

 

Пәннің мақсаты: оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және техникасы саласында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру.

 

 

Оқыту нәтижелері:

ОН6 – Бастауыш білімнің ерекшелігін, құндылығын біледі, мектепке дейінгі, кіші мектеп және жасөспірімдерді тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтендіру сабақтастығын іске асыруға қабілетті.

ОН8 – Төменгі сынып оқушы тұлғасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, психологиялық және әлеуметтік дамуы заңдылықтарын талдайды және есепке алады