«Даму психологиясы» – адамның психикалық дамуының заңдылықтарын, механизмдерін және жас ерекшелік кезеңдерін зерттейтін психология ғылымының маңызды саласы. Адамның туғаннан өмірінің соңына дейінгі онтогенездегі психикалық дамуының жалпы заңдылықтары туралы түсінік жүйесін қалыптастыру. Адам дамуының әрбір кезеңінде қызметтің жетекші түрінің ерекшелігін, оның даму заңдылықтарын, психологиялық құбылыстардың жүйелі тәсілі мен талдауын зерттейді. Даму психологиясының негізгі түсініктерін; психикалық дамудың негізгі заңдарын білуі тиіс.

Пән барысында студенттер тұлғаның қалыптасу үдерісін, психикалық процестердің жасқа байланысты өзгеруін және дамуға әсер ететін факторларды меңгереді.

Курс адам дамуын туғаннан бастап қарттық кезеңге дейін кешенді түрде қарастырып, әр жас кезеңіндегі жетекші іс-әрекет, психологиялық жаңа құрылымдар және дағдарыс кезеңдерінің ерекшеліктерін түсіндіреді.

Пәннің мақсаты

Студенттерге адамның психикалық дамуының негізгі теорияларын, жас кезеңдерінің ерекшеліктерін және даму заңдылықтарын ғылыми негізде меңгерту.

Пәннің міндеттері

  • Психикалық дамудың теориялық негіздерін түсіндіру
  • Жас кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін сипаттау
  • Даму факторлары мен механизмдерін талдау
  • Дағдарыс кезеңдерінің мәнін ашу
  • Практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру

Оқу нәтижелері

Балалардың когнитивті және нейропсихологиялық дамуы  туралы білімдерін тәжірибеде қолданады.

Пәнді меңгеру нәтижесінде студент:

  • Жас ерекшелік психологиясының негізгі ұғымдарын біледі
  • Даму кезеңдерін ажыратады
  • Әртүрлі теорияларды салыстырады
  • Практикада психологиялық талдау жасай алады