Арнайы психология пәнінің мақсаты мен міндеті, оның дамуының негізгі бағыттарымен, зерттеу әдістелерімен, арнайы психология түсінігін қалыптастыру. Зерттеу процессінде түрлі бұызылыстары бар балалардың дамуының ерекшелігі мен психикалық дамуы туралы көріністер туралы білім беру.
Қысқаша сипаттамасы: Л. С. Выготский бойынша психикалық дизонтогенез, біріншілік және екіншілік кемістігі түсінігін ашты. Күрделі кемшіліктер жағдайында дамуды, психикалық дамудың бұзылуының түрлерін: дамымауды, дамуды кідіртуді, зақымдалған дамуды, бұрмаланған дамуды зерттейді. Туа біткен немесе жүре пайда болған ақаулары бар балалардың психикалық даму нормасынан ауытқушылықты түзету және алдын алудың әдістемелік, теориялық және қолданбалы аспектілерін қарастырады.
Оқыту нәтижесі: - Ерекше қажеттілігі бар баланың жеке тұлғасын дамыту мақсатында білім алушылардың жеке қабілеттерін және қоғамда психологиялық-педагогикалық қолдау технологиялары арқылы табысты әлеуметтендіруді анықтау және дамытуға жәрдемдесу;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жеке және әлеуметтік даму проблемаларына педагогтар мен ата-аналарды бағдарлау мақсатында диагностика нәтижелері бойынша психологиялық-педагогикалық тұжырымдама жасау