Биологиялық экология – тірі ағзалардың қоршаған ортамен, бір-бірімен және табиғат компоненттерімен өзара байланысын зерттейтін ғылым саласы. Бұл пән экожүйелердің құрылымы мен қызметін, ағзалардың тіршілік ету ортасына бейімделуін, табиғаттағы зат пен энергия айналымын, популяциялар мен биоценоздардың даму заңдылықтарын қарастырады.
Пәнді оқу барысында студенттер экологиялық факторлардың тірі ағзаларға әсерін, адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін ықпалын және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын меңгереді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі экологиялық мәселелер – климаттың өзгеруі, ауа, су және топырақтың ластануы, биологиялық алуантүрліліктің азаюы сияқты проблемалардың себептері мен оларды шешу жолдары талданады.
Биологиялық экология пәні табиғатты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау және адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Пәннің негізгі міндеті – студенттердің экологиялық білімін тереңдетіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамыту.
Пәннің мақсаты: Биологиялық экология пәнінің мақсаты – тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланысын зерттеу, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау жолдарын түсіндіру және экологиялық мәселелерді шешуге баулу. Сонымен қатар, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дамыту болып табылады.