Мақсаты: Тұтыну қасиеттерінің ассортименті мен номенклатурасын, тауарлардың біртекті топтарының сапа және қауіпсіздік көрсеткіштерін; тауарлардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде сапа мен қауіпсіздікті қалыптастыратын және сақтайтын факторларды білу.
Қысқаша сипаттамасы: Тауартану принциптері мен әдістері, тауарларды жіктеу және кодтау, сақтау, тасымалдау және өткізу шарттары мен режимдері, сапаны қалыптастыратын факторлар мен сапа көрсеткіштері, нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптары, қабылдау тәртібі, ақаулардың және бүлінудің түрлері, сондай-ақ олардың туындау себептері, тауарлардың сапасын сараптамалық бағалау әдістері туралы білімді қалыптастырады.
Оқыту нәтижелері: Тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдауды жүзеге асыра білу; Өнімнің ақауларын анықтау, қолданыстағы нормативтік құжаттар негізінде тауарларға аудит жүргізу; тауарлық ақпараттың нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігін бағалау.
Қалыптасатын құзыреттер: Тауартану қызметінде нормативтік құжаттаманы меңгеружәне аудит саласындағы нормативтік құжаттарды талдау