автор

Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында ұйым мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы тиімді коммуникацияны ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін меңгерту. Медиа рилейшнз стратегиясын әзірлеу, пресс-релиз, медиа-кит, баспасөз конференциясы сияқты негізгі құралдарды кәсіби деңгейде қолдану, журналистермен өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және ұйымның оң имиджін қалыптастырудағы медианың рөлін түсіндіру. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер, жаңа медиа, медиа мониторинг және дағдарыстық коммуникация ерекшеліктерін игерту арқылы студенттердің ақпараттық саясатты тиімді жүргізу дағдыларын дамыту.

 

ОН1 – Қоғаммен байланыс және медиа коммуникация технологияларын меңгеру, медиа мәтіндерді кәсіби талаптарға сай әзірлеу, ақпараттық науқандарды жоспарлау және жүзеге асыру, ұйымның коммуникациялық стратегиясын құру, БАҚ-пен тиімді байланыс орнату және ақпараттық процестерді талдау.

 

ОН6 – Баспасөз қызметінің, дәстүрлі және цифрлық медианың өндірістік үдерістеріне қатысу, медиа мониторинг жүргізу, қоғамдық пікірді бағалау, дағдарыстық жағдайларда коммуникациялық шешімдер қабылдау, әлеуметтік желілер мен жаңа медианы кәсіби мақсатта пайдалану, ұйымның имиджі мен беделін қалыптастыруға бағытталған медиа жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру.