Бұл пән болашақ география мұғалімдеріне мектептегі география пәнінің мазмұнын жобалау, жаңарту және бейімдеу бойынша теориялық және практикалық білім береді. Пән мазмұны ҚР Оқу-ағарту министрінің №399 бұйрығы, «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері мен таңдау курстары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 16 қыркүйек күні қабылданған, тіркеу нөмірі: №29767 бұйрығының : Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған" География " оқу пәні бойынша және және жалпы орта білім беру деңгейінің 10–11 сыныптарына арналған География " үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына негізінде құрылған. Яғни, ҚР-ның білім беру стандарттарына, соның ішінде 7–11 сыныптарға арналған үлгілік оқу бағдарламаларына негізделеді. Курс барысында болашақ мұғалімдер қоршаған ортаның қазіргі жағдайын және аймақтардың тұрақты дамуын зерттейді.
Мақсаты: Қоршаған ортаның қазіргі жағдайы және өңірлердің тұрақты дамуы мәселелерін зерттеу болып табылады.
Оқу нәтижелері: • адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін, экологиялық дағдарыстарды және оларды жеңу жолдарын зерттейді;
• табиғатты қорғауды, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын талдайдыу;
• аймақтардың тұрақты дамуын анықтау үшін геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі көрсеткіштерді бақылаудың әртүрлі әдістерін қолданады; қоршаған ортаның жай-күйін және елдің тұрақты дамуын бағалай алады. ЖИ негізінде:
ОН-1 Сабаққа үздіксіз қатысу нәтижесінде Тұрақты даму мақсаттарының мазмұнын түсіндіре алады және зерттеу әдістерін қалыптастыру дағдыларын игереді, топтық пікірталастарда идеялармен алмасуды үйренеді, тиісті сұрақтарды қоя және жауап бере алады;
ОН -2 Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктей алады, деректерді өңдеу дағдыларын, қоршаған ортаны экологиялық оңтайландыру және жобалау;
ОН-3 Функционалдық сауаттылықты дамыту мәселелерін шешуде экологиялық білімді қолдана алады;
ОН -4 Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) - әр мақсаттың әлеуметтік, экологиялық және экономикалық маңызын талдайды;
ОН -5 Қазақстандағы және әлемдегі ТДМ-нің жүзеге асуын мысалдармен сипаттайды, талдай отырып, мәліметтер базасын құра алады;
ОН -6 Оқу процесінде қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктеуде ЖИ құралдарын тиімді пайдаланады; әлем елдерін қоршаған ортаның сапасына қарай жіктеу дағдысын қалыптастырады;
ОН - 7 Қоршаған ортаны бақылау және болжау үшін далалық және камералық зерттеу нәтижелерін бағалау және жобалық ойлау мен визуализация әдістерін қолдана алады;
ОН -8 Білім жергілікті деңгейдегі қоршаған ортаның сандық және сапалық деректерін талдау, графикалық моделін құру,
ОН-9 Қоршаған ортаның сапасын арттыру жөніндегі шешімдерді (жергілікті/өңірлік компонент негізінде) әзірлеу; GPS қашықтықтан навигация құрылғысын қолдана отырып зерттеулер жүргізе алады;
ОН -10 Семестрдің соңында өткен тақырыптар бойынша қорытынды емтиханды тапсыру кезінде өз жұмысында қолданатын географиялық білім негіздерін кәсіби түрде көрсете алады.