Экологиялық сертификаттау курсы 6 В07501 –Стандарттау, сертификаттау және метрология  (салалар бойынша)   4 курс студенттеріне арналған.

           Мақсаты: студенттердің экологиялық менеджмент жүйелерін сертификаттау саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды игеру және технологиялық өндірістердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қысқаша сипаттамасы: Өнімнің, қызметтің, объектінің қойылатын экологиялық талаптарға сәйкестігін растау рәсімдерін қарайды. ЕО сертификаттары, отандық экологиялық сертификат және Еуро сертификаты сияқты экологиялық сертификаттың өтуі мен тіркелуін зерттейді.

Оқыту нәтижелері: Экологиялық сертификаттауды, кәсіпорындардың экологиялық сапа менеджменті жүйесінің өзін-өзі бағалауын жүргізе алады; сапа менеджменті жүйесін тексеру кезіндегі сәйкессіздіктерді анықтайды.

Қалыптасатын құзыреттер:

Халықаралық және Ұлттық экологиялық сертификаттау жүйесін, экологиялық таңбалау жүйесін, экологиялық сертификаттаудың ұйымдық құрылымын, экологиялық белгілерді қолдануды біледі.