
Фитопатология курсы 6 В08101 – Агрономия, Агратехнология (салалар бойынша) 4 курс студенттеріне арналған.
Бұл курс ISO 22000 халықаралық стандарттарға негізделген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті қағидаларын, еңбекті қорғау және еңбекті қорғауды басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша теориялық және практикалық мәселелерді талқылайды
Пәннің мақсаты — ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерінің өнімділігін сақтау, аурулардан келетін экономикалық шығынды барынша азайту және экологиялық таза өнім алуды қамтамасыз ету.
Пәннің оқыту нәтижелері: студенттердің білімі мен практикалық дағдыларын Блум таксономиясы мен заманауи білім беру стандарттарына (РОН) сай бағалауға негізделген. Силлабустар мен оқу бағдарламаларының талаптары бойынша оқыту нәтижелері келесі құрылымда қалыптасады:
ОН 1 (Білу және түсіну): Ауыл шаруашылығы және орман дақылдары ауруларының негізгі қоздырғыштарын (саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар, фитоплазмалар) және жұқпайтын (экологиялық, физиологиялық) аурулардың пайда болу себептерін біледі.
ОН 2 (Диагностика): Өсімдік ауруларының сыртқы белгілерін (симптомдарын: шіру, дақтар, солу, рак, өсінділер) ажыратады және зертханалық немесе далалық жағдайда фитопатологиялық диагностика жасайды.
ОН 3 (Талдау және мониторинг): Аурулардың даму серпінін, таралу деңгейін және зақымдану дәрежесін есепке алу әдістерін меңгереді; эпифитотияның (аурудың жаппай таралуы) пайда болу қаупін талдайды.
ОН 4 (Тәжірибелік қолдану): Заманауи микроскоптармен, бинокулярлармен жұмыс істейді, патогендердің тұрақты және уақытша препараттарын дайындайды және споралардың морфологиялық құрылымын анықтайды.
ОН 5 (Бағалау және жоспарлау): Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, өсімдіктерді аурулардан қорғаудың интеграцияланған жүйесін (агротехникалық, биологиялық, химиялық, иммунологиялық шаралар) құрастырады және олардың тиімділігін бағалайды.