Курс барысында тыңдаушылар оптика зертханасында қолданылатын негізгі құралдармен және аспаптармен (оптикалық орындық, линзалар, интерференциялық және дифракциялық құрылғылар, спектралдық, поляризациялық аспаптар, фотоқабылдағыштар, лазерлік көздер) танысады; оптикалық жүйелерді құрастыру, баптау және олардың сипаттамаларын эксперименттік анықтау әдістерін меңгереді; интерференция, дифракция, поляризация сияқты толқындық оптика құбылыстарын тәжірибелік жолмен зерттейді; спектрлерді, поляризация күйін және оптикалық сигналдарды талдау дағдыларын қалыптастырады.

Курстың мақсаты – тыңдаушыларды оптиканың негізгі бөлімдері бойынша зертханалық экспериментті ұйымдастыру және жүргізу әдістерімен таныстыру, оптикалық жүйелер мен толқындық оптика құбылыстарын тәжірибе арқылы зерттеу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жарықты талдау мен тіркеуге арналған заманауи оптикалық аспаптардың жұмыс принциптерін меңгерту.

Оқыту нәтижесі: физикалық зерттеулердің өздері таңдаған саласында физикалық ақпаратты өңдеудің, талдаудың және синтездеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдану, негізгі математикалық ұғымдар мен операцияларды қолдануға және оларды физикалық есептерді шешу кезінде қолдану, эксперименттік және теориялық физика саласында талдамалық және технологиялық шешімдерді енгізу;

Курс B010 Физика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы тобы студенттеріне арналған.