1. C++-те программалау тілінің теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу барысында студенттер C++ тілінің синтаксисін, мәліметтер типтерін, шарттарды, циклдарды, массивтерді, жолдармен жұмысты, функциялар, файлдар және графикамен жұмыс жасаудың теориялық негіздерін меңгереді. Алған білімдерін практикада қолдану дағдылары қалыптасады.
2. Пәнді оқыту мақсаты: Базалық деңгейде бағдарламалаудың практикалық негіздерін қарастырады. С, С++ программалау тілдерінің негізгі түсініктерін, ерекшеліктерін, мәліметтер құрылымын үйрете отырып күрделілігі әртүрлі деңейдегі есептерді шығара және талдай білуге машықтандыру болып табылады. Тілдің көптеген практикалық есептерде кеңінен қолданылу жолдары қарастырылады. Бағдарламалау және есептеу ойлау дағдыларын үйрету. Бірінші маңызды, өйткені бағдарламалау ғылым мен техниканың барлық салаларында қажет, бірақ өте әртүрлі бағдарламалау тілдері қолданылады. Екінші маңызды, өйткені ол мәселені қалай шешуге әсер етеді.
3. Оқыту нәтижелері: Математикалық, компьютерлік модельдеудің іргелі ұғымдарын және информатиканың семантикалық негіздерін меңгеру; қолданбалы бағдарламаларды жобалау және бағдарламаларды құру үшін әдістеме мен алгоритмдерді қолдану; ЕТ тарихы мен даму тенденциясын, есептеуіш жүйелер мен желілердің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін, қолданбалы есептерді шешу үшін мәліметтер мен ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі әдістерін білу.