«Есептеу математикасы» пәні – математикалық есептерді сандық әдістер арқылы шешудің теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін зерттейтін маңызды ғылыми пәндердің бірі. Бұл пәнде аналитикалық жолмен шешілуі қиын немесе мүмкін емес есептерді компьютерлік технологиялар көмегімен жуықтап шешу әдістері қарастырылады. Пәннің негізгі мазмұнына сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді шешу, интерполяция және аппроксимация, сандық интегралдау мен дифференциалдау, дифференциалдық теңдеулерді сандық әдістермен шешу, математикалық модельдеу және есептеу алгоритмдерін құру кіреді.
Есептеу математикасы қазіргі ақпараттық технологиялармен, бағдарламалау және математикалық модельдеумен тығыз байланысты. MATLAB, Python, Mathcad, Mathematica сияқты заманауи математикалық пакеттерді пайдалану арқылы күрделі есептеулерді автоматтандыруға, нәтижелерді визуализациялауға және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жыл/ семестр: 2026 -2027 оқу жылы, 4 семестр
Курс/оқыту тілі: 2 курс, қазақ
Топ: АЖҚ211
Оқыту форматы: онлайн
Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты – сандық әдістер мен математикалық модельдеу тәсілдерін меңгерту, есептеу алгоритмдерін құруды үйрету және компьютерлік технологиялар арқылы қолданбалы есептерді тиімді шешу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижелері:
ОН3 - физикалық және ақпараттық процестерді модельдеу және талдау үшін математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолдану.