Пән инновациялық экожүйелердің теориялық негіздерін, олардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін, сондай-ақ стартаптар мен инновациялық жобаларды құру, дамыту және басқару үдерістерін оқуға бағытталған. Курста инновация түрлері, бизнес модельдер, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, IoT және заманауи технологиялардың рөлі қарастырылады. Сонымен қатар инновациялық инфрақұрылым, венчурлық қаржыландыру, коммерцияландыру және инновациялық саясат мәселелері қамтылады. Пән білімгерлердің инновациялық ойлауын дамытып, нақты жобалар арқылы практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Пәннің мақсаты: білімгерлердің инновациялық экожүйелерді түсінуін қалыптастыру, стартаптар мен цифрлық жобаларды әзірлеу әдістерін меңгерту, заманауи технологиялар негізінде инновациялық шешімдер құру және оларды нарыққа шығару дағдыларын дамыту.

Оқыту нәтижелері:

ОН4 – Инновациялық экожүйелерді жобалау, стартаптарды дамыту және цифрлық технологияларды қолдану әдістері мен модельдерін білу.

ОН9 – Кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану: инновациялық жобаларды әзірлеу, ақпаратты іздеу, өңдеу, сақтау, қорғау және цифрлық платформалар мен бұлттық сервистерді қолдану.