Пәннің мазмұны 4 модульге бөлініп, қарастырылған.

«Сақтандыру» пәні профилдік пәндер модулінің  таңдау компоненті болып табылады және  пәннің мазмұны 4 модулге бөлініп, қарастырылған.

«Сақтандыру» курсы қаржыгерлер үшін жоғары мамандандырылған мамандарды дайындауда оқу пәндерінің ішінде маңызды орын алады.

«Сақтандыру» пәнінің мақсаты: мемлекеттік білім беру стандартына және жұмыс берушілердің талабына сәйкес келетін, «Сақтандыру» саласына кәсіптік қызметті орындауға жеткілікті деңгейде білімге, іскерлікке, машыққа ие мамандарды дайындауды талап етеді.

Сақтандырудың  дамуы мен қалыптасу бойынша студенттерге іргелі білім беру. «Сақтандыру»  пәнін оқу нәтижесінде студенттер келесілерді меңгереді:

-   Сақтандырудыңерекшеліктерін біледі;

-   Сақтандырудағықызметтерді ұсыну шарттарын талдай алады;

сақтандырудыңөзара ықпалдасу жағдайының дамуын болжау дағдыларын меңгереді.

Пәнді оқытудың мақсаты:Сақтандыру пәні МБ-11 базалық пәндер модулінің  2.11таңдау компоненті болып табылады және  пәннің мазмұны 3 модулге бөлініп, қарастырылған.

Сақтандыру пәні студенттердің қазіргі таңда сақтандырудың нарықтық экономика жағдайында алатын рөлі, жағдайы мен қалыптасуы жөнінде студенттерге ақпарат беріп, білім жүйелігінің қалыптасуына көмектеседі. Ондағы сақтандыру терминологиясының мазмұнын, сақтандырудың жіктелуін және сақтандыру ұйымдарының ұйымдастыру қағидаларын зерттеуді оқып үйретеді. Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаға байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды көңіл бөліп, оның болашақта ары қарай дамуына септігін тигізіп, қызмет ететін маман иелерін дайындау.

Пәнді оқытудың міндеттері:

1.Сақтандыру  жүйесінің жеке элементтерінің қазіргі түсінігін және іс-әрекет механизмдерін ашу.

2.Қазақстанның нарықтық экономиканы дамыту жағдайында зерттелетін құбылыстар мен процестердің бейімделу ерекшеліктерін, қарама-қайшылықтарды, мемлекеттің жүргізіліп отырған экономикалық саясаттағы оң және жағымсыз жақтарын ашу.

3. Нақтылы экономикалық ахуалда сақтандыру құралдарын қолдану мүмкіндігін талдауды, оны ойлау жағын дамыту.