Мақсаты: Пәнді меңгерудің мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, қызмет ету және дамыту туралы түсініктерін қалыптастыру.

Қысқаша сипаттамасы:

Пән қоғамдық дамуда мемлекеттік және жергілікті басқару саласында дағдыларды игеруге бағытталған, "мемлекеттік басқару" және "жергілікті басқару" ұғымдарының мазмұнын; мемлекеттік және жергілікті басқаруды зерделейтін негізгі ғылыми мектептерді; әлемнің жетекші елдеріндегі мемлекеттік басқару құрылымдарын; Орталық, өңірлік және жергілікті мемлекеттік органдардың ерекшеліктерін, олардың иерархияларын; олардың өзара қарым-қатынастарының проблемаларын қарайды