Мақсаты: Курстың мақсаты адам құқықтарының гендерлік аспектісінің ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Оқыту нәтижелері: Гендер ұғымын, гендерлік теңдік қағидаттарын және гендерлік саясаттың теориялық негіздерін иегереді;

- Гендерлік теңдік саласындағы халықаралық және ұлттық құжаттарды талдайды;

- Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлардың гендерлік аспектілерін салыстырып, олардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

-  Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар шешімдерінің гендерлік әсерін бағалайды;

- Мемлекеттік сатып алу үдерісі мен аграрлық секторды қолдау шараларын гендерлік инклюзивтілік тұрғысынан сараптайды;

-  Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін гендерлік көрсеткіштер негізінде бағалайды;

-  Шетелдік тәжірибені зерделеп, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін негіздейді;

-  Басқаруда жобалық тәсілді пайдаланып, гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған жобалар мен стартаптарды әзірлейді.

-  Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың нормативтік-құқықтық негіздерін меңгереді;

-  Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларда гендерлік аспектілердің ескерілу тетіктерін әзірлейді;

- Мемлекеттік қызметтер сапасы мен қолжетімділігінің гендерлік көрсеткіштеріне талдау жасайды;

-  Мемлекеттік басқарудағы жобалық тәсілдің (project management) негіздерін және оны гендерлік саясатта қолдану мүмкіндіктерін меңгереді.