Мақсаты: Курстың мақсаты адам құқықтарының гендерлік аспектісінің ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Гендер ұғымын, гендерлік теңдік қағидаттарын және гендерлік саясаттың теориялық негіздерін иегереді;
- Гендерлік теңдік саласындағы халықаралық және ұлттық құжаттарды талдайды;
- Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлардың гендерлік аспектілерін салыстырып, олардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
- Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар шешімдерінің гендерлік әсерін бағалайды;
- Мемлекеттік сатып алу үдерісі мен аграрлық секторды қолдау шараларын гендерлік инклюзивтілік тұрғысынан сараптайды;
- Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін гендерлік көрсеткіштер негізінде бағалайды;
- Шетелдік тәжірибені зерделеп, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін негіздейді;
- Басқаруда жобалық тәсілді пайдаланып, гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған жобалар мен стартаптарды әзірлейді.
- Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың нормативтік-құқықтық негіздерін меңгереді;
- Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларда гендерлік аспектілердің ескерілу тетіктерін әзірлейді;
- Мемлекеттік қызметтер сапасы мен қолжетімділігінің гендерлік көрсеткіштеріне талдау жасайды;
- Мемлекеттік басқарудағы жобалық тәсілдің (project management) негіздерін және оны гендерлік саясатта қолдану мүмкіндіктерін меңгереді.