Кімге арналған: ақпараттық- коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша бакалавриат бағдарламасына сәйкес білім алушыларға, негізінен Ақпараттық жүйелер, Информатика мамандықтары үшін арналған;
Мақсаты: цифрлық құрылғылардың жұмыс істеу қағидаттарын, физикалық негіздерін және логикалық элементтер арқасында жұмыс жасайтын жүйелерді жобалау әдістерін үйрете отырып, ақпараттық - есептеуіш техниканың құрылымын терең түсіндіру.
Қысқаша сипаттамасы: пән цифрлық техниканың теориялық және қолданбалы негіздерін қамтиды. Негізгі тақырыптар: электр сигналдарының түрлері және олардың цифрлық техникадағы рөлі; логикалық айнымалылар мен функциялар, логикалық алгебраның заңдары; негізгі логикалық элементтер (ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС, т.б.) және олардың комбинациялары; комбинациялық және триггерлік схемалар; санағыштар, регистрлер, жад құрылғылары; процессордың жұмыс істеу қағидаттары; цифрлық құрылғылардың негізінде ақпаратты өңдеу және сақтау тәсілдері.
Нәтижелері: электрондық құрылғылардың негіздерін және қазіргі заманғы есептеу техникасының, автоматиканың, цифрлық техниканың схемаларын, электрондық, микроэлектрондық өнімді жасау, жұмыс істеу, пайдалану қағидаттарын және олардың функционалдық мүмкіндіктерін білу; интегралды микросхемалар, өнеркәсіптік электроника құрылғылары бойынша базалық ұғым алады.