Мультимедиалық журналистика» пəні журналистика факультеттерінде оқылатын негізгі пəндердің, сонымен қатар «журналистика» мамандығы бойынша жалпы əдістемелік пəндердің бірінен саналады. Мультимедиалық журналистиканың мəні, маңызы, жаңа медиа ақпараттық қоғамның негізі ретінде қызмет ететін жүйе, сала, кəсіп ретінде түсінік беріледі. Пəн Қазақстандағы интернет журналистиканың дамуы мен қызмет етуіне сипат беретін теориялық аспектілерді қамтып, практикалық тəлімгерлікті негізге алатын курс

 ОН2 – Редакциялық жұмыстың заманауи әдістері мен цифрлық монтажды меңгеру; мамандықтың базалық және бейінді пәндері бойынша іргелі білім есебінен журналистика саласындағы кәсіби құзыреттілікті анықтау; басқарушылық қызмет арқылы БАҚ рейтингін арттыруға ықпал ету; баспасөзде жариялау үшін іскерлік немесе басқа ұйымдар туралы жарнамалық материалдарды таңдап радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату; конвергенциялық журналистиканың заңдылықтарын меңгеру.

ОН6 – Қазіргі заманғы технологиялық талаптары бар баспа басылымының, телерадио бағдарламасының, мультимедиалық материалдың өндірістік процесіне қатысу; қоғамдағы өзекті мәселелерді бағалау; қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық процестерді дамытудағы қалыптасқан үрдістер негізінде жағдайға түсінік беру, журналистік зерттеуді өз бетінше жүзеге асыру, қазіргі БАҚ-тың сұранысына сәйкес маман дайындау.