Бұл пән адвокатураның мәні, адвокаттар алқасы мен оның органдарының құқықтық табиғаты, адвокаттардың құқықтық мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттері және басқа да мәселелер туралы қажетті білім көлемін береді. Адвокатура саласында теориялық және практикалық дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлауды қалыптастырады.

Пәннің мақсаты: Өз білімін практикада қолдана алатын жоғары білікті мамандарды даярлау, сондай-ақ құқықтық мемлекет құру жолындағы үздіксіз процесс ретінде құқық пен мемлекетті дамыту және жетілдіру мәселелерін зерделеу.

Оқыту нәтижелері:

ОН- 1 Соттарда адамдарды қорғауды жүзеге асыруға, келісімге қол жеткізу туралы келіссөздер жүргізуге;

ОН -2 Құқықтық дауларды медиация жолымен шешуге, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істі қорғауды әзірлеу немесе қозғау үшін дәлелдемелерді біріктіруге және бағалауға, істерді қабылдауға және соттарда адвокат (қорғаушы) ретінде әрекет етуге құқылы, іс жүргізу нормаларына сәйкес құқықтық құжаттарды құрастыру;

ОН-3  Заңды қорытындылар мен қаулылар дайындау;

ОН-4 Соттарда адамдарды қорғауды жүзеге асыруға, келісімге қол жеткізу туралы келіссөздер жүргізуге және құқықтық дауларды медиация жолымен шешуге;

ОН-5 Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істі қорғауды әзірлеу немесе қозғау үшін дәлелдемелерді біріктіруге және бағалауға, істерді қабылдауға және соттарда адвокат (қорғаушы) ретінде әрекет етуге құқылы, іс жүргізу нормаларына сәйкес құқықтық құжаттарды құрастыру, сондай-ақ заңды қорытындылар мен қаулылар дайындау.