Барлық білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған.
Жалпы функционалдық экономикалық және қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, практикалық міндеттерді шешу үшін экономикалық және қаржылық есептеулердің әдістері мен құралдарын меңгеру.
Курс жеке қаржыны басқару саласында білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, курс аясында білім алушылар қаржы саласындағы әртүрлі құралдарды тәжірибеде қолдануды, жинақтарын сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйренеді. Сондай-ақ қаржылық ақпаратты талдау және тиімді инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық өнімдерді дұрыс бағдарлай білу дағдыларын меңгереді.
РО1 Өзінің ақшалай қаражатын басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың және басқа да қолайсыз факторлардың әсерін бағалау негізінде қаржылық өнімдер мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша аналитикалық қабілеттерді дамыту;
РО2 Алынған білім мен дағдылар негізінде қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес жеке ақшалай бюджетті қалыптастыра білу, жеке қаржының жай-күйін талдау бойынша практикалық тапсырмаларды орындау;
РО3 Қаржылық заңдар мен ережелерді, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қамтамасыз ететін заманауи қаржылық құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
РО4 Салықтарды есептеу және оңтайландыру, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалана білу;
РО5 Құқықтық нормаларды білу негізінде қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және талап ете білу, қаржылық алаяқтық белгілерін анықтау және жеке қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын меңгеру.