Курста бастауыш мектеп педагогикасы, жалпы даму заңдылықтары, жастық кезеңдер, оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқушыларының кезеңдері, педагогикалық үдерістің ерекшеліктері, оқытудың мәні мен мазмұны, оқыту әдістері, түрлері мен нысандары, тәрбиелеу үдерісінің мәні, тұлғаға бағытталған тәрбиелеу, мектептегі оқу үдерісін диагностикалау мәселелері қарастырылады.

6В01302 - Бастауыш білім беру (IP)  БББ студенттеріне арналған.

Пәннің мақсаты: бастауыш білім беру жүйесінің ерекшеліктерін, оның негізгі принциптерін, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын түсіндіру, болашақ педагогтарға балаларды оқыту мен тәрбиелеу процестерінің теориялық негіздерін меңгерту.

Оқыту нәтижелері:

ОН4 – Кәсіби дамуға және өмір бойы білім алуға; өз құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптерін, жұмыс әдістерін көрсетуге, ойластыруға және сыни тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ тұрақты даму мүддесінде бастауыш білім беруді, өз ұйымының және кәсіби әл-ауқатының дамуын жетілдірудің жаңа мақсаттарын қоюға қабілетті болады.

ОН5 – Педагогика мен психологиядан алған білімдерін тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу, дамыту, өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қолдана алады.

ОН10 – Ұлттық және аймақтық ерекшеліктер негізінде оқу-тәрбие үдерісін басқара алады, оқу үдерісінің мониторингісін жүргізуге, өзінің оқыту әрекетін жақсарту үшін оның нәтижелерін талдауға және қолдануға қабілетті болады.