Курс мектептегі физикалық экспериментті ғылыми, техникалық және әдістемелік тұрғыдан ұйымдастырудың негізгі қағидаларын қамтиды. Білім алушылар өлшеу құралдарының жұмыс істеу негіздерін, эксперименттік қондырғыларды құрастыруды, физикалық шамаларды өлшеуді, нәтижелерді математикалық өңдеуді және өлшеу белгісіздігін бағалауды меңгереді. Курста механика, жылу құбылыстары, электр тогы, тербелістер мен толқындық оптика бойынша мектеп тәжірибелерін қауіпсіз өткізуге ерекше назар аударылады.

Кімдерге арналған

·         «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге;

·         болашақ физика мұғалімдеріне және педагогикалық тағылымдамадан өтушілерге;

·         мектеп физика мұғалімдеріне, зертхана мамандарына және біліктілігін арттыру тыңдаушыларына;

·         оқу экспериментін жаңартуға және зерттеушілік оқытуды енгізуге ұмтылатын педагогтерге.

Курстың мақсаты

Білім алушылардың мектеп физика экспериментін педагогикалық мақсатқа сай жоспарлау, құрал-жабдықты дұрыс таңдау, қондырғыны қауіпсіз құрастыру, өлшеулерді дәл орындау, алынған деректерді талдау және эксперимент нәтижесін физикалық заңдар негізінде түсіндіру құзыреттерін қалыптастыру.

Курстың міндеттері

·         мектеп физикалық экспериментінің дидактикалық қызметтері мен түрлерін түсіндіру;

·         өлшеу құралдарының шкаласын оқу, өлшеу шегін және бөлік құнын анықтау дағдыларын қалыптастыру;

·         механикалық, жылулық, электрлік және оптикалық тәжірибелерді ұйымдастыру әдістемесін меңгерту;

·         өлшеу нәтижелерін кесте, формула және тәуелділік сызбасы арқылы өңдеуге үйрету;

кездейсоқ және жүйелік қателерді, өлшеу белгісіздігін және тәжірибе сенімділігін бағалату;